"Өзенмұнайгаз" АҚ мен "БерАли Маңғыстау компаниясы" ЖШС-нің бұрынғы қызметкерлері келісімге келді. Олар "Мөлдір Мұнай Сервис"ЖШС-де жұмысқа орналасу туралы бұрын ұсынылған ұсынысты қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты "Өзенмұнайгаз" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған компанияға жұмысқа ауысқаннан кейін БерАлидың бұрынғы жұмысшыларының бұған дейінгі еңбек жағдайлары толық сақталады.
Компанияның бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа орналастыру "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ қағидалары шеңберінде қатаң түрде жүргізіледі.
"Өзенмұнайгаз" АҚ барлық мәселені қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуді қолдайды және соған шақырады.